Семейліктер қоршаған ортасына қатты алаңдаулы! Экологияны сақтайық деген «Семей Орманы» табиғи орман резерватының қызметкерлері халықты экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғауға үндеп отыр! Мыңға жуық семейлік «саябақтар шеруі» халықаралық акциясы аясында «Қызыл кітап беттерін парақтаймыз» апталығына қатысты. Айта кетейік бұл эко-акция елімізде жыл сайын өткізіледі. Ал, дүние жүзі бойынша жылда 200-ден астам елде «Cаябақтар шеруі» өтеді. Оған жүздеген мың адам қатысып, қазіргі күндегі экологиялық ахуалға қоғам назарын аударуға атсалысады. Айта кетейік, Абай облысы бойынша Қызыл кітапқа енген 162 өсімдік пен 2 жануар бар.