Түркістан
EN

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 750 мың отандасымыз оқыту курсынан өтеді

10
22.05.2024

«Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы өткен жылы 65 мың адам қаржылық сауаттылық негіздерін оқыған. Жоба аясында биыл 750 мыңға жуық тұрғын қаржылық сауатты арттыру курсынан өтеді. «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен республика көлемінде қолға алынған жобаның басты мақсаты - ел халқының қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру. Жыл басынан бері 48 941 адам «Қарызсыз қоғам» жобасында білім алып, тұрмыстық жағдайын жақсартты.