Алдағы 5-10 жылда жастар «хэллоу» деп амандасып, «гуд байлатып» қоштасып тұрса таң қалмаңыз! Себебі, айтқанды бірден қағып алатын қағілез бүлдіршін көп. Сарыағаш ауданындағы Қанағат ауылының балалары балабақшаға барғалы Абайдың өлеңдерін толық жаттап, орысша өлеңдерді тақылдап айтып беретін болған. Әріптесім Жандос Тастемір сол жақа арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесіп қайтты.