Түркістан
EN

Биыл қант қымбаттай ма?

91
21.05.2024

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев биыл қазақстандықтар қанттан тарықпайды деп, сенімді отыр. Тіпті, сұраныс көбейіп, саудасы қызғанның өзінде баға қымбаттап кетпейді. Өйткені, шенеуніктің сөзінше қант тасымалдаушылармен келісімшарт жасасқанда артық мөлшермен тапсырыс берілген. Соның нәтижесінде көтерме бағасы келісіне 380-390, бөлшек саудада 420-430 теңгеден аспауы керек.