Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исақовқа қатысты сот процесі аяқталды. Ол 8 жыл 5 айға қамалды. Айыпталушының кінәсі куәгерлердің сөзімен, сот сараптамасының қорытындысымен және өзге де айғақтармен дәлелін тапты. Естеріңізге салсам, 2023 жылдың 20 шілдесінде Мақсұт Исақов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Ол ұлттық қауіпсіздік департаментінің бірінші орынбасарына 200 мың АҚШ долларын пара ретінде беруге оқталған. Шенеунік қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік сатып алуға байланысты қозғалған қылмыстық істі қысқарту үшін осындай әрекетке барыпты.