Түркістанда «Қылует» рухани орталығының іргетасы қаланды. Нысанның ерекшелігі оның 4 жарым метр тереңде орналасуында. Мұндай архитектуралық шешімге келудің де өзіндік мәні бар. Өйткені тарихта жерасты мешіті Қазақстаннан басқа ешбір елде кездеспейді. Ғимараттың жалпы аумағы екі жарым мың шаршы метр болмақ. 500 адам сыяды.
Сонымен қатар, орталық жанынан медресе бой көтереді. Мешіттің құрылысына кез-келген адам үлес қоса алады. Тиісті есепшоттарды «қылует. кз» сайтынан көре аласыздар! Айта кетейік, нақ осы жерде бұрын мешіт болған. Алайда ол жарамсыз деп танылып, 2020 жылы қиратылған.