Ел үшін еңбек етіп, бейнетінің зейнетін көруде. Түркістанда ұлағатты ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетовтың құрметіне әдістемелік кабинет ашылды. Білім бөлмесі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептен берілді. Себебі ол 1971 жылы салынған білім ошағының алғашқы директоры болған. Жарқынбек Құлбайымбетов саналы ғұмырын білім саласына арнаған. Сондай-ақ ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстанның оқу-ағарту ісінің озық қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.