Ақтөбе облысында иесіз жүрген 45 бас жылқы иелеріне қайтарылды. Бастапқыда Ресей шекарасына жақын маңда жайылып жүрген жылқыларды учаскелік полиция инспекторы байқап, жақын маңдағы ауыл тұрғындарынан сұрастыра бастайды. Бірақ олардың арасында иесі табылмаған. Қолдағы малдың жоғалуына жол бермеу мақсатында тәртіп сақшысы жылқыларды шаруа қожалықтарының бірінің қорасына айдап, жануарлардың иелерін іздеу кезінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына хабарласқан. Анықталғандай, табылған жылқылар Орынбор облысының Қоскөл ауылының сегіз тұрғынына тиесілі болып шыққан. Белгілі болғандай, көрші елдің тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды қаңтар айынан бері іздеп келеді екен. Жылқылар иелеріне қайтарылды.