Түркістан
EN

Көліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізген қылмыстық топ ұсталды

136
10.11.2021

Еліміздегі автокөліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Оның басшылары Көлік комитетінде жұмыс істеген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, қылмыстық топ мүшелері алдымен республика бойынша 28 жалған фирма ашқан.

Бірақ бұл фирмалар тек қағаз жүзінде жұмыс істеген. Яғни, көлік тексеруден өтті деген жалған диагностикалық карта жазып отырған. Қылмыстық топ мүшелері әрбір құжат үшін 2 мың теңге алған. Соңғы бес жылда елімізде осындай формальді техникалық тексеруден 260 мың көлік өткен