Түркістан
EN

Ізгі ауылдың тұрғындары

143
17.05.2024

Түркістанда «ішімдіксіз ауылдар» қатары көбейді. Мақтаарал  ауданына қарасты Табысты ауылындағы дүкен сөрелерінен арақ-шарап таппайсыз. Өйткені ауыл тұрғындары түгелімен ішімдіктен бас тартқан. 

Мақтаарал  ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Табысты ауылында 1500-ден аса тұрғын бар. Ішімдіксіз ауыл жобасы ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан қолдау тапқан. Табысты ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы қылмыстың болмауына да  септігін тигізіп отыр. Игі іс құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасылық дау-жанжалдарға да жол бермей келеді дейді, - ауыл имамы.