Жетісайлық кәсіпкерлер мата өндірісін қолға алған. Енді аймақта тәулігіне 5 мың метр мата шығарылады. Одан бөлек, айына 60 тонна мақта зауыттарына қажетті сымтемір өндіріледі. Кәсіпорынның жұмысы әсіресе аймақ шаруаларына тиімді. Себебі шикізатқа сұраныс көбейіп, диқандардың табысы артқан.