Қарты бар үйдің қазынасы бар. Ақ шашты қария мен ақ жаулықты әжесіне қазақ қашаннан құрметпен қараған. Түркістан қаласында қариялардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған орталық ашылған. «Белсенді ұзақ өмір» атты нысанда зейнет жасындағы қарттар не істейді? Күні кеше қаламызға келген Алматы мен астаналық журналистер осы орталықты барып көрді.