Түркістан
EN

«WORLDSKILLS ABILYMPIСS TURKІSTAN - 2024» облыстық чемпионаты өтті

228
16.05.2024

Студенттер кірпіш қалаудан жарысты. Бұл - «World skills Turkistan 2024» байқауының шешуші кезеңі. Жыл сайын кәсіптік білім беретін колледж студенттерінің арасында өтетін байқау шәкірттерді өз ісінің шебері болуға баулиды. 39 түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгерген студенттер 3 күн қатарынан  алған білімдерін ортаға салады. Бүгін чемпионаттың соңғы кезеңі құрылысшы мамандығын дәріптеуге арналды. Алты коледж студенттері кірпіш қалау, гипсокартон құру, қабырға сырлау және сантехника орнату бойынша 5 сағат жарысты. Бұдан өзге чемпионатта аспаздық, қолөнер, тігін саласына маманданып жатқан жастар іріктелді. Өз ісінің шебері атанған студент республикалық Уорл Скилс байқауына жолдама алады.