Атырау жұрты алаңдаулы. Өйткені Жайық суы қаласының іргесіндегі ауылдарға жайыла бастады. Ал, өзеннің Индер ауданындағы деңгейі 1 сантиметрге төмендеді. Дегенмен Индер, Махамбет аудандарында су басу қаупі әлі де жоғары. Себебі өзеннің дәл осы тұсы шекті деңгейден төмендемей тұр. Өңірде бөгет салу жұмыстары толықтай аяқталып, әлсіз тұстарды бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.