Абай облысында Семей орманынан өрт шықты. Тілсіз жаумен күресуге төтеншеліктерден бөлек, дрондар да қатысты. Төтенше жағдай қызметкерлері шартты түрде өртенген орманда қызыл жалынды сөндірді. Биылғы “Өрт-2024” республикалық оқу-жаттығуы осылай басталды. Республикалық штаб өткен жылы ауқымды орман өрт болған Бородулиха ауданында орналасты. Шарада журналистерге министрліктің бір жыл ішінде атқарған жұмыстары мен жаңа техникалар таныстырылды.