Түркістан
EN

Қазақстанның 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды

44
16.05.2024

Қазақстанның 14 өңірінде ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 өңірде Ұлттық біріңғай тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде күндері аралығында өтеді. Биыл 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Оның форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлердің – 75% ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. 25% жуық түлек орыс тілінде, 221 адам – ағылшын тілінде тест тапсыруды ұйғарған. Бұл жолғы тестілеуде грант иегерлері анықталады. Талапкерлер 5 шілдеге дейін екі рет бақ сынайды.