Түркістан
EN

Кентаудағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары пысықталды

69
16.05.2024

Кентаулықтар келер жылы жылусыз қаламыз -деп қамықпаса болады. Биыл шаһардағы жылу-энерго орталығында жылыту маусымына дайындық қарқынды. Өткен қыста біраз келеңсіздіктер байқалған соң, бұл іске Түркістан облысы әкімінің өзі білек сыбана кірісті. Әрі дайындық жұмыстарын тексерген өңір басшысы жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жөндеу жұмыстарына қажетті қондырғылар шетелден тасымалданады. Осыған қатысты облыс әкімі тапсырыс беру жұмыстарын ширатуды жүктеді. Мердігерлерге кестеден қалған әр күнге айыппұл белгіленетінін ескертті. Алдағы уақытта Кентау қаласының жылу-энерго орталығының 4 қазандығы толықтай жаңадан орнатылады. Екі қазандықты жаңарту жұмыстары мамыр айының соңында аяқталады. Бұдан бөлек 2 қазандық жөндеуден өтеді.