Ресей Федерациясына тиесілі көлік жүргізушісі 5 млн 800 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ол 184 мәрте жол ережесін бұзған. Алматы облысында жүрген ВАЗ 2114 маркалы көлік айып тұрағына қойылып, иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері өзге елде тіркелген автокөліктер қатысуымен өңірде 51 жол апаты болған. Одан 11 адам қаза тауып, 45-і жарақат алған.