Түркістанда тұңғиық гүлдеді

46
14.05.2024 20:52

Түркістанда қызғылт түсті лотос гүлдеді. Өңірге 2019 жылы жеткізілген ерекше гүл 900 шаршы метр аумақта өсіп жатыр. Тазалық пен сұлулықтың символына айналған ғажайып гүлдің әлемде 100-ге жуық түрі бар. Түркістанда кездесетіні соның - «Тұңғиық» деп аталатын сұрпы. Ерекше гүлдер шаһардағы желілік саябақ пен ботаникалық бақтың сәнін келтіріп, туристерді таң қалдыруда. Мамандардың айтуынша биіктігі 150 сантиметрге дейін жететінөсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тек айналасын қоқыстан уақытылы тазартып отырса болғаны.