Елімізде өткен жылы 116 мың гектардан астам орман қоры өртеніп кеткен. Мамандардың айтуынша, орман алқаптары аумағы тілсіз жаудың салдарынан жыл сайын сиреп барады. Экологияға келтірілген зиянды есептемегенде, материалдық шығын 160 млрд теңгеден асып түскен. Ал қазгидромет биыл жаз айларында құрғақшылық болады деп болжам жасап отыр. Сондықтан премьер-министр өрт қауіпсіздігіне аса мән беру керегін айтып, әкімдерге ескерту жасады. Олжас Бектенов еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде аптап ыстық ұзақ сақталуы мүмкін екенін айтып, жауаптыларға сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.