Түркістан
EN

Полиция мефедронның ірі партиясының таралуына жол бермеді

82
14.05.2024

Шымкентте полиция мефедронның ірі партиясының таралуына жол бермеді. Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады. Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, яғни таразы, изолента, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды. Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны белгілі болды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат 10-15 жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.