Түркістан облысында 7 адамнан тұратын браконьерлер тобы ұсталды. Олардың 4-еуі Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары. Тінту барысында полиция олардан 382 ақбөкен мүйізін, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, аңшылық мылтықтар мен 15 келіге жуық арқар еті тәркіленді. Алдын-ала болжам бойынша, күдіктілер мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.