Түркістан
EN

Ақтаудағы жарылыс орны әлі де қауіпті

56
09.11.2021

Ақтаудағы Шерқала кешенінде болған  жарылыстан 11 автокөлік жарамсыз болып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Облыстық ауруханаға да ешқандай қоңырау түспеген. Қазір нысан  үйінділерден  тазартылып  жатыр. Оқиға кеше кешкі уақытта болған еді.

Жарылыс шамамен 200 шаршы метр аумақты қамтыды. Қос қабатты ғимараттың түгі қалмаған. Дәмхана қожайыны  жарылыс кезінде қоғамдық тамақтану орнында ешкім болмағанын айтады.