Түркістан
EN

Тұңғыш көлік туннелінің қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды

126
13.05.2024

 Еліміздегі тұңғыш көлік туннелінің қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды. Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін жер асты өткелінің құрылысы аяқталады. Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында бұл нысанмен арнайы танысты. Қазір онда бетон және асфальтбетон төсеу толық аяқталып, жарық қойылған. Енді бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнатылып жатыр.