Түркістан
EN

Арыста 10 мың халық табиғи газбен қамтылды

67
13.05.2024

Түркістан облысы Арыс қаласында 6 шағын аудан газбен қамтылды. Осылайша, 2 мыңға жуық тұрғын үй көгілдір отынға қосылды. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға арнайы барды.  Өңір басшысы өз сөзінде, құрылысы аяқталмай тұрған инфрақұрылым нысандарын жалғастыруды қолға алдық. Басталған іс, біту керек. Облыс аумағындағы мұндай нысандар кезекпен шешілді,-деді. Жалпы, аймақта былтыр 111 мынан астам халық газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Яғни, еліміздегі әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Ал газдандыру жұмыстарына 10,1 млрд теңге қаржы бөлінген.