600 шақырымнан астам су арнасы тазаланды

31
10.05.2024 20:45

«Қазсушар» мекемесінің Түркістан облыстық филиалы суару маусымына дайындық аясында өз қарамағындағы каналдардың 600 шақырымнан астам жерін механикалық әдіспен тазалады. Мемлекетаралық «Ханым» каналының 18 шақырымға жуық бөлігіне механикалық тазалау жұмысы жүргізілді. Онда 20 мың текше метр лай тұнбасы шығарылды. Сондай-ақ, «Найман» каналының 7,5 шақырым бөлігіне бетондалды. Бетондау жұмыстары Түлкібас ауданындағы  77 шақырымнан астам канал бойында жалғасады. Бүгінгі таңда 13 бірдей каналда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.