Ауыл арасындағы жол жырылды

18
10.05.2024 20:42

 Индер, Махамбет аудандарында су деңгейі шекті мөлшерден асып, 12 мың тұрғынға қауіп төніп тұр. Қызыл судан қорғану мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды. Ол жерге ұзындығы – 11 метр, ені – 1,5 метрлік екі дана құбыр салынды. Бөгеттерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласында да су қауіпті деңгейге жақындап қалған.