Кадет сыныбы ашылды

31
10.05.2024 20:38

Түркістан облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына кадет сыныбы ашылды. Айта кетейік, Рысбай Құдайбергенұлы 1984 жылдың 9 шілдесінде сағат 23:00 шамасында «пәтерде төбелес болып жатыр» деген шақыру бойынша оқиға орнына шығып, осы операция барысында аса қауіпті қылмыскерлер қолынан оққа ұшып, қаза болған. Бүгінде оның атына берген сыныпқа 32 шәкірт таңдап алынды. Енді олар "Қарулы күштер тарихы", "Саптық дайындық", "Қоян-қолтық күрес"сынды пәндерден білім алатын болады. Сынып Кентау қаласындағы Ә.Молдағулова атындағы №19 мектеп-лицейінде.