Түркістан облысында ауа райының жай-күйіне тәулік бойы бақылайтын 14 метеорологиялық станция бар. Күн сәулесінің ұзақтығын, ауа температурасы мен ылғалдығын, түрлі тереңдіктегі топырақ температурасын қадағалайтын сондай мекеменің бірі Ащысайда орналасқан. Метеорологиялық станцияның жұмысымен арнамыздағы «Түркістан вайб» бағдарламасының жүргізушілері танысып қайтты.