Биыл Түркістан облысындағы аудандарда 114 үйдің құрылысы жүреді. Бүгінде 16 ауданда жер телімдері құрылысшылар атына рәсімделіп, 9 ауданда тұрғын үйлердің құрылысы басталған. Олардың басым бөлігі сатып алу құқығымен жалға немесе ипотекаға беріледі деп жоспарланып отыр. Айта кетсек, Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекте тұрғандарға биыл 2469 пәтер сатып алуға 36,5 млрд. теңге бөлінген.