«Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысында екі жылдың ішінде 63 мектеп бой көтереді. Онда 49 мың бала білім алады. Салынып жатқан білім ошақтары әр өңірдің демографиялық ахуалын ескере отырып анықталған. Бұл өз кезегінде үш ауысымды және апатты мектеп проблемаларын шешпек. Биыл 29 оқу ұясы қолданысқа беріледі. Олардың 19-ы қыркүйек айында есігін айқара ашпақ. Ал екінші кезең аясында, 2025 жылы тағы 34 мектеп халық игілігіне тапсырылады. Оқу нысандары заманауи құралдармен жабдықталады. Оған қоса, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілмек.