Қарағанды облысының «Абай» шахтасында болған апат салдарынан қаза болған екі кеншінің артында кәмелетке толмаған екі бала қалды. Тағы 16 жастан асқан екі бала әкеден айрылды. Бұл мәліметті Абай ауданының әкімдігі таратып отыр. Ал 1990 жылғы Наиль Абдуллин жақында ғана үйленіп, еңбек демалысынан кейін жұмысқа шыққан екен.
Естеріңізге салсам, Абай шахтасындағы апаттан 6 адам көз жұмды. Оқыс оқиғаның жойқын болғандығы соншалық қаза болғандар құтқару құралдарын пайдаланып та үлмермеген. Тағы екі адамның халі ауыр. Олар ауруханаға жеткізілген.