Түркістан
EN

ЖЭО жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылады

65
10.05.2024

Жылу электр орталықтарындағы жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданады. Премьер министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жауаптыларға осылай деді. Үкімет басшысы өткен аптада Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді. Премьер-министр жауаптыларға қаржы бірінші кезекте әбден тозығы жеткен объектілер мен желілерді жөндеуге жұмсалуы тиіс екенін айтып, жұмыс нәтижелерін тікелей өз бақылауында болатынын жеткізді.