Түркістан
EN

Қазығұртта кәсіпкерлікті жандандыруды тапсырды

269
06.05.2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды іссапармен Қазығұрт ауданына барды.  Ондағы Майлыошақ елді мекенінде орналасқан «Асыл бастау KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «AQUA THE BEST» ауыз су өндірісін кеңейту барысымен танысты. 2020 жылы ашылған нысан бүгінде сапалы ауыз су шығарады. 2 гектар аумақты алып жатқан  цех жылына 1500 тонна су шығарады.  15 адам жұмыспен қамтылған нысанда орташа айлық жалақысы 130 000 теңге. Сондай-ақ облыс әкімі кәсіпкердің қадамына оң баға беріп, тұрғындардың сұранысына сай жұмыс атқару керек екеніне тоқталды. Жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне өндіріс орындарын ашып, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды.