Жалған полицей ұсталды

63
03.05.2024 16:38

Алматы облысында жалған полицей ұсталды. Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері әлеуметтік желілерде тараған. 31 жастағы бұзақы Талғар ауданында қолға түсіп, полиция қызметкерлеріне өз кінәсын мойындады. Күдікті арнайы форманы әскери киім дүкендерінің бірінен сатып алғанын айтқан. Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.