Ақмола облысында 85 жастағы әже құтқарылды. Ол үйінде құлап, білегін сындырып алған. Соның салдарынан бір күн қозғала алмай жатқан. Пәтерге кіре алмаған туыстары құтқарушыларды көмекке шақырыпты. Төтеншеліктер 4 қабатқа автосатымен көтеріліп, ішке терезе арқылы кірген. Іштегі есікті ашып, әжейді жедел жәрдем қызметіне тапсырды.