Қарағандыдағы Костенко шахтасында апат болып, 200-дей кенші эвакуацияланды. Абырой болғанда электр слесарі Айбар Қосанов түтінді дер кезінде байқап, қызыл жалынды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен ауыздықтаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, түтіннің шығуына бөгде заттың төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы себеп болған. Айта кетсек, өткен жылы тура осы шахтада үлкен апат салдарынан 46 кенші қаза тапқан болатын.