Мақтааралдық диқандар тамшылатып суару жұмысына ден қойған. Биыл мақталы өңірде 2000 гектарға жуық алқапқа дәл осы су үнемдеу технологиялары ендірілмек. Осы жұмыстардың барысын аймаққа арнайы сапармен барған облыс әкімі бақылады. Мақта алқабын барынша әртараптандырып, тоқыма өнеркәсәбін жандандыру қажеттігін айтты.