Түркістан
EN

Астана әуежайы түнгі рейстерді қабылдамайды

77
02.05.2024

Астана әуежайы енді түнде жұмыс істемейді. Әуежайдың ұшып-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 8 ай осылай тек күндіз жұмыс істеуге мәжбүр. Дәлірек айтсақ, 1 мамырдан бастап 24-желтоқсанға дейінгі аралықта Астана халықаралық әуежайында түнгі сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды. Қазір рейс кестелеріне өзгерістер еніп жатыр. Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетсе, оның ішінде 100-ге жуығы түнгі рейстер. Енді олардың барлығы тәуліктің күндізгі уақытына ауысады. Сондықтан жолаушыларға сапарды жоспарламас бұрын әуекомпаниялардан рейстерге қатысты алдын-ала ақпарат алу ұсынылады.