Түркістан
EN

Есірткі өндіргендер өмірін түрмеде өткізбек

59
02.05.2024

Енді есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тиісті заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат психотроптық заттардың заңсыз өндірісін есірткі қылмысының аса қауіпті түрімен теңестіреді. Депутаттардың сөзінше, соңғы жылдары елде қылмыстың бұл түрі белең алған. Бір ғана мысал, 2019 жылы 3 есірткі зертханасы табылса, былтыр 81 жасырын лобаратория анықталыпты. Биылғы көрсеткіш те жаға ұстатады. Сол үшін депутаттар жауапкершілікті күшейтіп, заңсыз әрекетті тоқтатуды жоспарлап отыр.