Түркістан
EN

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдаланған 140-тан аса азамат анықталған

124
02.05.2024

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз жер қойнауын пайдаланған 140-тан аса азамат анықталған. 100-ге тарта техника айыптұраққа қойылып, 63 әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті мәлімдеді. Өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылармен өткен жиында жер қойнауына қатысты орын алған құқық бұзушылықтарға жасалған талдау нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес негізінен Қазығұрт, Келес, Кентау, Мақтаарал, Отырар мен Сайрам аудандарында және Сауран, Сарыағаш Шардара аудандарында заңсыз қазу деректері жиілегені анықталған.