«Таза Қазақстан» акциясы Ақтөбе облысында да жалғасып жатыр. Ондағы мәдениет қызметкерлері облыс орталығындағы ескерткіштерді жуып-тазалап, маңын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, сенбілікке қала тұрғындары мен белсенді жастар да ат салысуда. Олар қала аумағындағы белгілі тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштердің маңына тазалау жұмыстарын жүргізді.