Түркістан
EN

Ресейлік көліктер жаппай айып тұрағына қойылуда

149
09.11.2021

Түркістан облысында соңғы 2-3 күннен бері 465 шетелдік көлік айып тұрағына жабылған. Көлігінен айрылған азаматтар ескерту неге ертерек жасалмады деп ашулы. Алайда, полицейлер ереженің қолданысқа енгеніне бір жылдан асқанын айтады. 

Сонымен, шетелдік көліктер қазақстан аумағында 11 ай ғана еркін жүре алады. Мерзімі аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде оларды отандық есепке тіркеп не елден шығарып үлгеруі керек.