Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іс-сапармен барды. Өңірдегі тазалық жұмыстарымен танысты. Одан соң әлеуметтік бірнеше нысанды аралады. Оның ішінде тозығы жеткен мектеп те бар. Сондай-ақ аудан тұрғындарын жеке мәселесі бойынша қабылдады.