Түркістан
EN

Су басқан аймақтарға көмекке барған түркістандық құтқарушылар оралды

62
02.05.2024

Түркістандық құтқарушылар тасқын болған аймақтардан тұрақты орналасу бекеттеріне оралды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 150 қызметкері Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарына көмекке барған еді. Олар қызыл суға кеткен елді-мекен тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарына қатысып, тасқынға тосқауыл қоюға елеулі үлес қосты. Елге аман-есен жеткен төтеншеліктерді әріптестері мен туыс-туғандары қарсы алып, ел қорғандарына тиісті құрмет көрсетілді.