Түркістан
EN

5000 га жер тамшылатып суғарылмақ

180
01.05.2024

Су тапшы дегенді естігеннен шаруалардың зәре құты қашады. Алайда агроаймақ саналатын Түркістан облысы шаруаларына бұл мәселенің шешімі ұсынылып отыр. Дәлірек айтқанда, егістікті тамшылатып және жаңбырлатып суару. Бір ғана Сауран ауданының өзінде 5мың гектарға жуық жер жыл соңына дейін тамшылатып суғарылмақ. Бүгінде оның 1000 гектары толық осы технологияның игілігін көріп отыр. Ал, құрылғы құнының 80 пайызын мемлекет субсидиялайды.