Түркістан
EN

«Таза Қазақстан» экоакциясы Сайрам ауданында жалғасуда

249
01.05.2024

Ауылдағы ағайынмен жүздесті. Тазалық жұмыстарына қатысып, көшет екті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен тазалық жұмыстарына қатысып, ерікті жастармен бірге білек сыбана еңбек етті. Оған мыңға жуық тұрғын қатысты. Табиғат жанашырлары  Көлкент-Қарабұлақ тас жолы бойына 100 түп қара ағаш екті. Сосын Қарабұлақ ауылындағы мектептің жәй-күйімен танысты. Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектебінде 647 оқушы 2 ауысымда білім алады. Алайда білім ошағында зертханалық кабинеттер, асхана, акт залы, спорт залы мен шеберхана бөлмесі жоқ. Бір қабатты ескі мектеп енді жөнделмек. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Бейсен Тәжібаев Сайрамдық тұрғындарды жеке қабылдап, тұрғындардың көтерген мәселелерін тыңдады.