Дизель отынының жетіспеушілігі қолдан жасалған. Екібастұздағы кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Оның айтуынша мемлекеттік қорда 50 мың тонна дизель отынын сақтауға болады. Бұл қиын кезеңнен бағаны өсірмей, тапшылықсыз өтуге жеткілікті.
Еске салайық, қазан айында жанармайдың жетіспеуі елді әбігерге түсірген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет пен Президент әкімшілігіне бірқатар тапсырма берді.