Елімізде тасқын болған өңірлердегі шаруалар шығынға шаш етектен батты. Тұқым қоймаларын су басып, шаруалар жерге дән себе алмай жатыр. Дегенмен Абай облысында 6 бірдей ауданды су басса да, егістік алқаптары апаттан аман қалған. Қазір өңірде егістік науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар жердің ылғалы кетпей тұрып, неғұрлым көбірек дәнді-дақыл егіп қалсақ дейді. Биылғы жаз қатты ыстық болады деп болжанғандықтан, өнетін өнімге де алаңдайды. Өйткені, жанар-жағар май қымбат. Оның үстіне былтырғы өнімдерінің көп бөлігін саудалай алмай қалған. Жер емген шаруа жайында толығырақ тілшіміз Сәруар Қабдолла тарқатады.