Түркістан облысында жылына 200 млн дана жұмыртқа шығаратын зауыт салынбақ. Бәйдібек ауданында қазір кәсіпкермен келіссөз жүріп жатса керек. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Халқы негізінен төрт түлікті кәсіп қылған өңірде былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 37,2 млрд. теңгені құраған. Биылғы меже 40,9 млрд. теңге деп белгіленіпті.